Сайт болельщиков ФК Актобе Javascript DHTML Drop Down Menu Powered by dhtml-menu-builder.com
Загрузка...
АВТОРИЗАЦИЯ
Поиск

Именинники сегодня
Didok(39), CASPER(35), seriktair(30)
Календарь
«  Февраль 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
13:01
ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

“ШАХТЕР” (ҚАРАҒАНДЫ): Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына Кумыков өзiне жақсы таныс Евгений Горячий, Хенао Роджер Каньяс (Колумбия)«Ягеллония» (Польша), Санат Жұмаханов, Станислав Лунин, Михаил Габышев, Михаил Габышев, Владислав Кузьмин сияқты ойыншылармен дайындалуда. Сонымен қатар қарағандылықтардың сапында колумбиялық Хенао Роджер Каньяс та («Ягеллония» Польша) жаттығып жүр. Ал команда қатарынан Виорел Фрунзе (Молдова), Кайрат Утабаев, Ильнур Мангуткин, Иван Шевченко, Душан Петрониевич (Сербия), Федор Руденко секілді ойыншылар кетті.

“ЖЕТIСУ” (ТАЛДЫҚОРҒАН):
Серiк Абдуғалиев жетекшiлiк ететiн “Жетiсу” футболшылары келер маусымда, үздік үштік қатарынан көрінеміз деген оймен жұмыс атқаруда. Дегенмен команда сапын Олег Недашковский, Азат Нұрғалиевтан басқа ауыз толтырып айтатын ойыншылар толтырған жоқ. Керісінше клубтан Максим Самченко, , Арунас Климавичус (Литва), Сергей Степаненко сынды белді ойыншылар кетті. Сонымен қатар командадан өзбекстандық Ұлықбек Бакаевтің кеткенінің білеміз. Жуық арада Сергей Остапенко да жұмыс орнын ауыстырмақ көрінеді.

“АҚТӨБЕ” (АҚТӨБЕ):
Команданы ағайынды Виталий және Дмитрий Евстегнеевтер, Сергей Шафф, Руслан Кенетаев және «Жетісу» сапынан келген Арунас Климавичустар толықтырды. Биылғы маусымда команда сапынан Арслан Сатубалдин, Никита Хохлов, Антон Чичулин, Сергей Бойченко, Тити Эссомба (Камерун), Владимир Джилас (Сербия) сынды тәжiрибелi футболшыларды көре алмаймыз.


“АСТАНА” (АСТАНА):
Астаналықтар келер маусымда тағы да чемпиондық атаққа үмiткер командалардың бiрi болары анық. Сол үшін де командаға украиналық Олег Протасовты шақыртты. Одан басқа қазiргi күнi “Астана” сапын Данило Белия, Душан Петрониевия, сынды сербиялық ойыншылар толықтыруда. Жақын арада бұлардың қатарына Ұлан Қонысбаев та келiп қосылуы әбден мүмкін. Сонымен қатар елордалық команда қатарына қорғаушы Мұхтар Мұхтаров та қосылды. Бүгінде елордалықтардың сапынан неміс маманы Хольгер Фах кетті. Онымен бірге Нұрбол Жұмасқалиев өзінің туған командасы «Тобылға» ауысты. Командадағы Драган Богавац (Черногория), Игорь Бугаев (Молдова), Анатолий Дорош (Молдава) секілді ойыншылар алдағы уақыттағы жұмыс орындарын әлі күнге анықтамаған.

“ЕРТIС” (ПАВЛОДАР):
Өткен маусымды бесінші орында аяқтаған “Ертiс” чемпионат аяқтала салысымен бiрден бiрнеше ойыншыларды сатып алды. Солардың арасында алғашқы болып Керекуге ат басын бұрған Игорь Юрин мен Антон Чичулин болды. Оның артынша “Ертiстiң” қатарын Евгений Аверченко толықтырды. Кейін БАӘ сәтсіз саяхат саған өзбек шабуылшысы Ұлықбек Бакаев та келді. 1999 жылы жастар арасында әлем біріншілігіне қатысқан Әли Әлиев те ендігісінде «Ертіс» намысын қорғамақ. Сонымен қатар командаға ұлттық құрамының экс-ойыншылары Қайрат Отабев пен Дмитрий Пархамчу келедi деп күтiлуде. “Ертiстiң” бас бапкерi Талғат Байсуфинов Александр Кучма, Алексей Михайлюк, Федор Симиниди, Георги Даскалов, Ұлықбек Асанбаев, Марко Балажич, Алексей Данаев, Милан Николия сынды футболшылардан қол үздi.

“ОРДАБАСЫ” (ШЫМКЕНТ):
Команда сапына биыл жалдық мерзімі аяқталатын Ұлықбек Асанбаев қосылды. Жақын арада Қазақстан жастар құрамасының негізгі қақпашысы Самат Отарбаев та қатарға қосылуы мүмкiн. «Астана» сапынан жартылай қорғаушы Андрей Карпович пен шаубылшы Роман Пахалюк те жұмыстарын Шымкентте жалғастырмақ. Тағы бір Ұлттық құраманың ойыншысы Виталий Евстегнеев Владимир Мухановтың қол астына ауысты. Сонымен қатар Азат Нұрғалиев ресейдің «Амкар» клубына ауысады деген сыбыстар жүр.

“ТОБЫЛ” (ҚОСТАНАЙ):
«Тобылда» жаңа маусымға үлкен мақсаттармен кіріспек. Солтүстік Қазақстандық команда сол үшін жаңа бапкер шақыртты. Ол – украиналық маман Вячеслав Грозный. Ендігі уақытта команданың басты жоспары қатарларын мықты ойыншылармен толықтыру. Солардың бірі ретінде қостанайлық ұжым өдерінің ең беделді ойыншысы – Нұрбол Жұмасқалиевті өз қатарларына қайта қосты.

“ҚАЙСАР” (ҚЫЗЫЛОРДА):
Қызылордалық клуб жайлы жайлы үзiп-кесiп ештеңе де айта алмаймыз. Оның басты себебi, команда әлi жасақталып үлгерген жоқ. Ұжымнан бірде-бір ойыншы ауыспаған. Ал алдағы маусымда Сыр жағалауында «Атыраудан» келген Егор Азовский мен Сабырхан Ибраевты көріп қалумыз ғажап емес.

“ТАРАЗ” (ТАРАЗ):
Тараздықтарда жаңа маусым жаңа бапкермен бастамақ. Келер маусымда оңтүстіктік команданың тізгінін сербиялық Любко Пертович ұстайды. Ал команда сапына жалдық мерзімі біткен «Тараз» академиясының тәлімгері Бауыржан Байтана мен Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Мадияр Мүмінов толықтырды. Командадан қос сербиялық ойыншы Милош Адамович пен Данило Белич және Дмитрий Евстигнеев кетті.

“АТЫРАУ” (АТЫРАУ):
“Мұнайшылар” қазiрше маусымаралық үзiлiске ойыншылар сатып алуға әлi де асығар емес. Команда өзiнiң былтырғы көшбасшыларының барлығынан дерлiк айырылып жатыр. Бүгiнгi таңда, Андрей Травин, Абзал Жұмабаев, Данияр Мұқанов, Сергей Шафф, Бауыржан Байтана, Олег Сабиров, Андрей Шабанов, Денис Володинсынды белдi ойыншылары кетiп үлгердi. Олардың орнына соңғы кездерi сәтсiз өнер көрсетiп жүрген Сергей Бойченко, Егор Азовский, Никита Хохлов, Максим Самченко, Артем Фомин, Сергей Ларин, Евгений Климин, Максим Семенов, Кирилл Морунов, Руслан Сахалбаев секiлдi ойыншылар келдi.

“ҚАЙРАТ” (АЛМАТЫ):
Әупірімдеп жүріп Премьер-Лигада қалған алматылық «Қайрат» жаңа маусымда мыңдаған жанкүйерлердің үмітін ақтауға бел сыбанып кірісуде. Ағылшын маманы Джан Чарлздің орынан келген Дмитрий Огай мен Оңтүстік астаналықтарға жақсы таныс Андрей Травиннан басқа ойыншыларды қатарларына қосқан. Сонымен қатар «Қайратта» жаңа маусымнан бастап Неманья Йованович (Сербия), Бурак Акылдиз (Түркия),Стюарт Дафф (Шотландия), Альберто Эредия (Испания) сынды легионерлер тер төгетін болады. Есесіне, комададан Даниил Рихард, Ринат Хасенов, Артем Фомин Евгений Климов, Кирил Морунов сықылды серкелер кетті.

“СҰҢҚАР” (ҚАСКЕЛЕҢ):
Бірінші лигада қарсыластарын ат бойы ұзап, бірінші орынға ие болған «Сұңқарда» жаңа маусымның жағдайын жасап жатыр. Қаскелеңдіктердің бас бапкері Алмас Құлшынбаев әзірге команда қатарына мүлде ойыншы шақыртпаған. Дегенмен онысы дұрыс та шығар! Былтыр команданың намысын қорғаған барлық белді аяқдопшылар команда қатарында. Тек Алматы облысының ұжымынан Кирил Кекер мен сербиялвқ Милан Лукия басқа командаға ауысқанды дұрыс санапты.

“ОҚЖЕТПЕС” (КӨКШЕТАУ):
Маусым қорытындысы бойынша Бірінші лига командаларының арасында екінші орынмен жолдама алған көкшетаулық команда да жаңа маусымға қызу дайындық үстінде. Бірақ жаңа маусымда команданы бір жыл бойы баптап келген Владимир Чебуринді көре алмаймыз. Алдағы уақыттан бастап клубты Қазақстан біріншілігіне келген тағы бір украиндық маман Виктор Догадайло баптайтын болады. Ұжыман келген ойыншылардың тізіміне Федор Симиниди, Владимир Плотников, Қанат Ахмет, Эмиь Алиев, Дмитрий Гунченколарды жатқызуға болады. Солтүстік қазақстандық команданың сапынан тек Руслан Кенетаев қана жұмыс орнын ауыстырды.

“АҚЖАЙЫҚ” (ОРАЛ):
Бірінші Лиганы төртінші орынмен аяқтаған «Ақжайық» күтпеген жерден Премьер-Лигадан бірақ шықты. Оған себеп, еліміздің Футбол Федерациясы біріншіліктегі командалардың санын он төртке дейін көбейткен еді. Мұндай жаңалықты күтпеген оралдықтар, ендігі кезекте жоғарғы біріншілікте өз орындарын қалай сақтап қаламыз деген мақсатпен тер төгуде. Бүгінгі күндегі қолда бар мәліметтерге қарағанда батыстық ұжымнан бірде-бір ойыншы кетпеген. Қайта клубы нығайты үшін Максим Азовский, Ринат Хасенов, Даниил Рихар, Жандос оразалиев, Рамиль Акбаров, Қайрат Иманалин сынды саңлақ ойыншылар толықтыруда.

Источник: http://www.alaman.kz/ Уалихан ҚОСАНБАЙ.
Категория: Казахстанские новости | Просмотров: 937 | Добавил: Акимбаевич


Всего комментариев: 2


  saiat (24.02.2012 17:42)
статья старая! не полностью!


  Gani_88 (24.02.2012 15:03)
Еще Мане, Кенжесариев, Аверченко.


Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Новое на форуме
Последние комментарии

 erken ЛЧ

ЛИВЕ

()

 USSR ЛЧ

ЛИВЕ

()

Популярное на форуме
Вверх
Сайт болельщиков ФК "Актобе" 2010-2016
Дизайн логотипа сайта- Бекбаганбетов Калыбек
На сайте использовались фото и видеоматериалы с официального сайта ФК Актобе fc-aktobe.kz
Мнение Администрации может не совпадать с мнением пользователей сайта


PR-CY.ru