Сайт болельщиков ФК Актобе Javascript DHTML Drop Down Menu Powered by dhtml-menu-builder.com
Загрузка...
АВТОРИЗАЦИЯ
Поиск

Именинники сегодня
Alex(36)
Календарь
«  Ноябрь 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
20:04
Өзбектер Ривалдоны да алдап соғыпты

«Бунедкор» клубында екі жыл тер төккен футболшыға «Zeromax GmbH» компаниясы 16 миллион доллар «гонорарын» төлемей кеткен.
– Маған әріптестік байланыс ұсынылды, спорттағы карьерамды аяқтағаннан кейін клубтың президенті болуға тиіс едім,– дейді даңқты футболшы.– Осында келгеннен кейін алғашқы жылы ғана тиесілі ақшамды алдым. Одан кейін маған ештеңе төленген жоқ. Мен тіпті өзімнің ақшамды осы клубқа салдым. Ақыр соңында олар тиісті міндеттемелерін орындамай кетті.
Ривалдо өзбекстандық клубтың сапында 2008 жылдан бастап ойнаған болатын. Тиесілі жалақысын айлар бойы ала алмаған әйгілі футболшы 2010 жылы өз еліне кетуге мәжбүр болды. Іле-шала өзағаңдармен бірге доп қуып жүрген үш бірдей бразилиялық футболшы мен даңқты бапкер Луис Фелипе Сколари да Бразилиясына безіп кетті. Сколаридің жағдайы түсінікті, кәрі қасқыр өзағаңдардың өзін алдауына жол бермей, тиесілі ақшасының бәрін қалтасына басып алған. Соның арқасында әлемдегі ең жалақысы көп бапкер атанды. Ал бар өнерін жасыл алаңда көрсететін Ривалдоның ақша санауға шеберлігі жетпей қалса керек.
Өзбектер де кімді алдау керектігін «біледі екен». Анау-мынау емес, Бразилия құрамасының сапындағы әлем чемпионы, «Барселона» сапында чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған, «Алтын доп» пен «Гауһар допты» иеленген, миллиондардың «кумиріне» айналған спортшымен соттасып жатқанын айтсаңызшы. Соттың қандай шешім шығаратынын кім білсін, әйтеуір, осы даудың арқасында өзағаңдар айдай әлемге алаяқ ел ретінде әйгіленетіні анық.

Источник: http://www.alaman.kz/ Айбын АҚПАТША
Категория: Прочее в футбольном мире | Просмотров: 673 | Добавил: Акимбаевич


Всего комментариев: 6


  Kana-Juve (18.11.2011 11:02)
"южный вариант" замутили узбеки! :)


  MJ (16.11.2011 23:55)
axaxaa)) ozbekter ozbek bolip turgoo)))


  kalimon (16.11.2011 22:59)
Обал жасаган екен каракаскага. Озбектерге барып неси бар демелик.


  saiat (16.11.2011 22:37)
его к нам никак нельзя!!! у него хоть и опыт есть, но у него дыхалки нету)))))) Узбеки его наверное заставляли бегать, узбеки ж все таки)))))))))))) biggrin biggrin biggrin


  Акимбаевич (16.11.2011 20:28)
может к нам Ривалдо!?!?!?


  Ахантаевич (17.11.2011 10:05)
От своих виртуозов висящие мёртвым грузом на клубе не можем избавицца (Лис-Семёно-Хохлов), куды нам ишо одново?


Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Новое на форуме
Последние комментарии

 erken ЛЧ

ЛИВЕ

()

 USSR ЛЧ

ЛИВЕ

()

Популярное на форуме
Вверх
Сайт болельщиков ФК "Актобе" 2010-2016
Дизайн логотипа сайта- Бекбаганбетов Калыбек
На сайте использовались фото и видеоматериалы с официального сайта ФК Актобе fc-aktobe.kz
Мнение Администрации может не совпадать с мнением пользователей сайта


PR-CY.ru