Сайт болельщиков ФК Актобе Javascript DHTML Drop Down Menu Powered by dhtml-menu-builder.com
Загрузка...
АВТОРИЗАЦИЯ
Поиск

Именинники сегодня
Didok(39), CASPER(35), seriktair(30)
Календарь
«  Февраль 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
04:24
Пьерлуиджи КОЛЛИНА: «ӘР ҰЛТТЫҢ ӨЗ МЕССИI БАР»

Футбол – қазiр әлемдегi бiрiншi спорт түрi. Мұнымен келiспейтiн жан кем де кем. Мына төрткүл дүниеде футболды бiлмейтiн ел жоқ, футбол ойнамайтын мемлекет жоқ. Бүкiл жанкүйерлер өздерiнiң сүйiктi командасы немесе «пiр тұтатын» футболшысын теледидардан көруге қашаннан асық. Ал, сол футболға төрелiк ететiн арбитрлерге көбiне ешкiм назар аудара бермейдi. Тiптен матчқа кiм қазылық еткенiн ойын бiтiсiмен-ақ ұмытып қалатындар да бар. Бiрақ, итальяндық төрешi Коллинаны ұмыту мүмкiн емес. Пьерлуиджи Коллинаны бүкiл футболшылар сыйлайды, тiптi одан аяқтарын тартады десек те өтiрiкшi бола қоймаспыз. Себебi, ол төрелiк еткен әрбiр матч өзiнiң қаталдығымен есте қалады. Яғни, Коллина жүрген жер әдiлдiктi талап етедi. Әдiлдiк салтанат құрған жерде футболшылардың бiр-бiрiне деген сыйластығы пайда болады. «Футбол Фантомасы» атанған әйгiлi арбитр бүгiнде УЕФА-ның төрешiлер комитетiн басқаруда.

– Пьер, Сiз қазiр УЕФА-ның төрешiлер комитетiн басқарып отырсыз. Төрешiлерге қандай талаптар қойып, қандай тапсырмалар берiп жатырсыз?


–Жалпы, төрешiнiң негiзгi жұмысы футболшыларды жазалау емес, керiсiнше футболшыларды таза әрi қауiпсiз ойнауға үйрету. Алаңдағы төрешiнiң негiзгi мiндетi қарсылас екi команданың бiр-бiрiне деген сыйластығын қалыптастыру. Әрине, тәртiп бұзған футболшыны жазалау оңай, ал, бiрақ онымен футбол өзгере ме? Мiне, мәселе осында. Карточканы да аса қажет кезде ғана көрсеткен жөн. Кейде доп футболшылардың қолына тиiп кетiп жатады. Сол сәтте төрешiлер бiрден «қызыл карточкасын» суырып алады. Менiңше бұл дұрыс емес. Иә, ереженiң аты ереже. Алайда, алаңда ол ережеден бөлек тағы бiр ереже қалыптасады. Ол – футболшылардың жеңiске деген құштарлығы. Мiне, төрешiлер осындай қате шешiмдерiмен сол футболшылардың құштарлығын тас-талқан етедi. Мұндай матчтардан кейiн ойыншылар да, жанкүйерлер де үйлерiне көңiлсiз қайтады. Ал, футбол адамдарға қуаныш пен шаттық сыйлайтын сиқырлы ойын. Футболға футболшылармен қоса төрешiлер де сән бередi. Футболды бiр кино деп есептесек, төрешi сол фильмдегi басты рөлдi сомдаушы. Менiң басты мақсатым – қызметкерлерiме осыны түсiндiру.

– Карточканы қажет кезде ғана көрсеткен дұрыс дейсiз. Ал, өзiңiз төрелiк еткен көптеген ойындар «қызыл карточкасыз» аяқталмайтын. Жалпы, Сiз өзiңiз қазылық ететiн матчтарға қалай дайындалатын едiңiз?


–Алдымен екi командамен жақсылап таысып аламын. Олардың тактикасына көзiмдi бiр жүгiртемiн. Маған испандық командалардың ойындарына төрелiк еткен оңайырақ болды. Себебi, испандық клубтар допты әрдайым жерде ұстайды. Яғни, доп менiң көз алдымда жүредi. Ал, ағылшындардың ойынша төрелiк ету қиынырақ. Себебi, онда доп негiзiнен әуеде болады. Олар 50-60 метр қашықтыққа пас бергендi ұнатады. Доптың артынан қуып жете бергенiңде, доп қайтадан алаңның екiншi бөлiгiне әуелей ұшады. Мұндай кездерде ойынды 15-20 метр жерден бақылауға тура келедi.

Иә, мен футболшыларға «қызыл карточканы» көп көрсеттiм. Керек десеңiз бапкерлердi де алаңнан қудым. Бұл әрекеттерiм үшiн өкiнбеймiн және мақтанбаймын да. Мен төрелiк етiп жүргенде футболда жарақаттар тым артып кеттi. Футбол ластанып, қызығынан айырыла бастады. Футболшыларды аясаң, олар бiрiн-бiрi аямайтын болды. Сондықтан да, осындай әрекеттерге баруыма тура келдi. Ал, дәл қазiргi футбол мүлдем бөлек. Барлық клубтар бiрiншi техникаға көңiл аударады. Ал, техника болған жерде ойын тәртiбi көп бұзыла бермейтiнi анық.
–Сiз УЕФА-ға келгелi қандай жаңалық әкелдiңiз?


–Өткен жылы матчтарға қазылық ететiн төрт рефериге қосымша тағы екеу қостық. Ендi әр ойынды алты бiрдей төрешi қадағалайды. Яғни, алаңдағы бас төрешi, қапталдағы екi төрешi, инспектор және алаңның екi тұсында қақпа маңынан тағы екi рефери бақылап тұрады. Мұндай шешiмге барып отырған себебiмiз, футболда төрешiлерге қатысты шағымдар көбейiп кеттi. Алайда, бiр нәрсенi естен шығармаған жөн, ол – жеңген команда әрдайым төрешiге көңiлi толады да, жеңiлген команда төрешiнi айыптайды.

–Қазiргi Италия футболы жөнiнде не айтасыз?


–Өкiнiшке қарай, Италия қазiр футболдың тоқырау дәуiрiн бастан кешуде. Жастарға дұрыс көңiл бөлiнбегендiктен бапкерлер қазiр құрама сапына шақыратын футболшы таппай отыр. 2006 жылы Италия әлем чемпионатын бағындырғаннан кейiн бапкерлер жас таланттарды iздеп құрама сапына сол сәтте-ақ қосу керек едi. Мықты футболшыларды басқадан емес, өзiңнен iздеп тапқан дұрыс. Әр ұлттың өз Мессиi бар. Тек оларды тезiрек тауып үлкен спортқа қосу керек.



Источник: http://orda-kz.kz/
Категория: Прочее в футбольном мире | Просмотров: 696 | Добавил: Акимбаевич


Всего комментариев: 1


  SEREGA_94 (05.02.2012 13:07)
Сейчас он если не ошибаюсь в УПЛ эксперт....Нам бы такого и была бы честная игра!


Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Новое на форуме
Последние комментарии

 erken ЛЧ

ЛИВЕ

()

 USSR ЛЧ

ЛИВЕ

()

Популярное на форуме
Вверх
Сайт болельщиков ФК "Актобе" 2010-2016
Дизайн логотипа сайта- Бекбаганбетов Калыбек
На сайте использовались фото и видеоматериалы с официального сайта ФК Актобе fc-aktobe.kz
Мнение Администрации может не совпадать с мнением пользователей сайта


PR-CY.ru