Сайт болельщиков ФК Актобе Javascript DHTML Drop Down Menu Powered by dhtml-menu-builder.com
Загрузка...
АВТОРИЗАЦИЯ
Поиск

Именинники сегодня
Didok(39), CASPER(35), seriktair(30)
Календарь
«  Апрель 2014  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
23:41
Ойын соңынан болған баспасөз мәслихаты .

Владимир НИКИТЕНКО, «Ақтөбе» командасының бас бапкері:
- Қарсыластардың бүгінгі жеңісін заңды деп бағалауымыз қажет. Менің шәкіртерім өз деңгейіне сай өнер көрсете алмады. Несін жасырамыз, 2-ші минутта қақпаға гол жіберу үлкен қателік. 90 минут бойы нәтижесіз ойнау деген қиын жағдай .
Ойыннан соң бізде арнайы селекция болады. Сол сәтте біз қай жерден қателік жібергенімізді терең талдайтын боламыз. Менің ойымша, бір анығы чемпионат барысында біз өзіміздің бағытымыздың айқын екенімізді білеміз.
Бұл маңызды кездесуде ордабасылық Эдин Юнузовичтің бірінші голы, бірінші добын қорғаушыларым назардан шығарып алды. Осындай қолайсыздықтың салдарынан біз жеңілуге мәжбүр болдық.


Саулюс ШИРМЯЛИС, «Ордабасы» командасының бас бапкері:
- Шынымды айтсам, бүгінгі ел чемпионымен өткізген матч шәкірттерім үшін өте жауапты әрі қиын болды. Себебі, сегіз күннің ішінде үш ойын өткізу қай команда болсын қиындық туғызады. Оның үстіне, біз жәй команда емес, футболдан адуынды мықты Ел чемпионына қарсы ойнап отырмыз.
Ізбасарларыма үлкен алғысымды білдіремін. Мен қойған тактика мен техниканы өз дәрежесіне сай орындап шықты. Күні бүгінге дейін өз жігіттерімнің ойнау мүмкіндіктерімен толық танысып біткен жоқпын. Менің пікірімше, «Ордабасы» командасы тәжірибелі клубтардың қатарынан көрінуі тиіс.

- Саулис Ширмялис мырза, бұл команданы Сіз жасақтаған жоқсыз. Сондықтан да, Сізге дейінгі бапкерлердің таңдап, сарап алған футболшылармен бірлесіп жұмыс істеу қиындық туғызбайды ма? Жалпы алғанда, құрамаға көңіліңіз тола ма?
- Мен футбол маманы ретінде айтарым, команда тәжірибелі ойыншылардан құралған. Шабуылшылар мен қорғаушылар да лайықты. Менің ойымша, бұрынғы бапкер және байырғы футболшы деген болмау қажет. Мен шымкенттік команданы қабылдап алдым ба, демек, бұл команданың тағдыры маған тікелей байланысты. Құраманы бұған дейін қай бапкер дайындады, қандай дәрежеде жаттықты ол қазір маңызды емес. Анығы, «Ордабасыны» биікке алып шығу бас бапкер ретінде менің жауапкершілігімде. Сол жолда командамен бірге жұмыс істейтін боламыз. Тапсырма да солай.

- Құрамаға алдағы кезде жас ойыншыларды тарту мәселесі қаралуда ма?
- Өте орынды сұрақ. «Ордабасы» командасы премьер лига бойынша жергілікті футболшылары көптеп саналатын клуб. Өздеріңіз байқап отырғандай, бұл сиқырлы спорттың Оңтүстік Қазақстан облысында қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Жас ойыншыларды міндетті түрде алдағы кезде біртіндеп командаға жиі тарта беретін боламыз. Өз ұлты деп жүрегі соғатын жергілікті жастар екендіктері футболда әу бастан-ақ белгілі.

- Бапкерлер құрамында өзгерістер орын алады ма? Сіз шымкенттік бапкер Тимур Ихсановпен жұмыс істеуге қалай қарайсыз?
- Бұл мәселені мамандар болып қарап жатырмыз. Бізге тәжірибелі деген қақпашылар жаттықтырушысы қажет.

Мен шымкенттік футбол маманы Тимур Ихсановты бір кісідей білемін. Мүмкін, алдағы кезде ол да командада жұмыс істеуі ықтимал.

Источник: http://Ілияс ЖОЛДАС, http://www.fcordabasy.kz/kaz/club_news/67
Категория: Чемпионат Казахстана | Просмотров: 999 | Добавил: ЯВО


Всего комментариев: 2


  Tornado (14.04.2014 01:15)
Bugingi korganushylar jaxy oinady dep aitalmaim...


  make72 (14.04.2014 01:03)
ВАН орнынды берши или босатшы кырту кырту болмай


Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Новое на форуме
Последние комментарии

 erken ЛЧ

ЛИВЕ

()

 USSR ЛЧ

ЛИВЕ

()

Популярное на форуме
Вверх
Сайт болельщиков ФК "Актобе" 2010-2016
Дизайн логотипа сайта- Бекбаганбетов Калыбек
На сайте использовались фото и видеоматериалы с официального сайта ФК Актобе fc-aktobe.kz
Мнение Администрации может не совпадать с мнением пользователей сайта


PR-CY.ru